Тергеу мәліметінше, оның заңсыз құрған схемасына 6,2 мыңнан астам адам тартылған.
Сотта қаржы пирамидасын ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеусіз бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.
Алайда Бас прокуратура сот тағайындаған жазаны тым жеңіл деп бағалап, сот актілеріне наразылық білдірді.
— Кассациялық сот прокурордың наразылығы бойынша сот актілерінің күшін жойып, істі жаңа сот талқылауына жіберді, — деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.
Осылайша, қаржы пирамидасын ұйымдастырған елордалықтың ісі қайта қаралады.
Еске салайық, бұған дейін қаржы пирамидасын құрған Орал қаласының екі тұрғыны 5 жылға сотталғанын хабарлағанбыз.