Қаржылық мониторинг агенттігі мемлекетке 400 млн теңге шығын келтірген адамды іздестіріп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Қаржылық мониторинг агентігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР азаматы Бойко Михаил Адамовичты (1963 жылғы 25 маусым туған) іздестіріп жатыр.

Фото: ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Агенттіктің хабарлауынша, оған ҚР Қылмыстық кодексінің 245-бабы 3-бөлігі (салық төлеуден жалтару) және 218-бабы 3-бөлігі (қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру) бойынша қылмыс жасады деген күдік келтіріліп отыр.

«Бойко М.А. балық өнімдерін экспорттайтын кәсіпорындардан корпоративтік табыс салығын төлемей, мемлекетке 400 миллионнан астам теңге залал келтірген»,-делінген хабарламада.

«Егер сіз іздестіріліп жатқан азаматтың қайда екені туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, бізге хабарлауыңызды сұраймыз.
7-701-218-05-23,
7-701-121-47-65 - азаматтарды іздестіру бойынша,
7-7272 - 79-29-56 - кезекші бөлім.
Сыйақы мен анонимділікке кепілдік береміз»,-делінген хабарламада.