Бұл туралы ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі министрді сотқа бергені туралы ақпарат пен оны қамауға алудың суреттері фейк деп мәлімдеді.
– Желіде қоғамдық тәртіпті бұзушыларға жағдай жасауға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіруге бағытталған шындыққа жанаспайтын, көрінеу жалған ақпарат тарады. Мұндай заңсыз әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, – деп хабарлады ведомстводан.
Естеріңізге сала кетейік, Ерұлан Жамаубаевты сотқа беру туралы ақпарат бұған дейін де тараған болатын. Олардың фейк екені анықталды, бұл іс жүзінде криптовалюта сататын боттың жарнамасы болып шықты.