Қаржы министрі қағазды қалай үнемдейді

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Бүгінде кеден және салық саласын автоматтандыру шаралары ойдағыдай атқарылып келеді. Алдағы уақытта осы жұмыстың нәтижесін үнемделген қағаздың көлемінен байқауға болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Алдағы уақытта "Астана-1" атты ақпараттық жүйе іске қосылады. Негізгі мақсат - электронды декларациялауды енгізу. Аталған жүйенің арқасында барлық кедендік шараларды автоматтандырып қана қоймай, сыбайлас жемқорлық әрекеттерін де азайтуға болады. 1 қазаннан бастап кедендік транзитке қатысты жобаның алғашқы кезеңі қолға алынды. Осы уақытқа дейін 66 транзиттік декларация өңделді", - деді Бақыт Тұрлыxанұлы.

Министрдің айтуынша, келесі жылдан бастап "Астана-1"-дің қалған жүйелерін іске қосу жоспарланып отыр. "Жалпы, аталған жүйені толығымен іске қосудың арқасында жылдам шешім қабылдап, кедендік рәсімдерді шұғыл жүргізуге мүмкіндік бар. Тауар тасымалдаушылар уақытты да, ақшаны да үнемдейді. Өйткені делдалдар мен брокерлерге біраз қаражат кетеді. Біз болсақ, уақытты және 30 тонна қағазды үнемдей аламыз", - деп атап көрсетті Сұлтанов.

Айта кетейік, отырыс барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев тондарды таңбалау сияқты шараларды дер кезінде қолға алу қажеттігін атап өтті. Себебі бюджет миллиардтаған салықтан қағылып отыр.

Соңғы жаңалықтар