Министрдің айтуынша 10 айдың ішінде мемлекеттік бюджетке 6,8 трлн теңге сомасында кіріс түсіп, жоспар 94,7%-ке атқарылған.
«Республикалық бюджетке 4 трлн 264 млрд теңге сомасында кіріс келді (жоспар 86,5%-ке атқарылды). Кірістер бойынша жоспардың атқарылмау көрсеткіші 667 млрд теңгені құрады. Оның ішінде салықтар көрсеткіші – 820 млрд теңге. Бұл ретте салықтық емес түсімдер 154 млрд теңгеге артығымен орындалғанын атап өту керек», - дейді министр.
Ерұлан Жамаубаев елдегі корпоративтік табыс салығының атқарылмауына бірқатар фактор әсер еткенін жеткізді.
«Атап айтқанда негізгі экспорттық позициялар бойынша баға орта есеппен 12,5%-ке құлдырады. Сондай-ақ осы жылдың 9 айында жылдың басымен салыстырғанда әрекетсіз салық төлеушілер саны 8,1 мыңға, оның ішінде заңды тұлғалардың 4,8 мыңға ұлғайды. Кәсіпорындардың күтілетін кірістерінің түспеуі де себептердің бірі. Нақтырақ айтқанда осы жылдың 10 айында республикалық бюджетке корпоративтік табыс салығын төлеушілердің жартысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді азайтты. Екінші деңгейдегі банктерден түсетін түсімдер 11,8 млрд теңгеге төмендеді», - деді ол.