Қаржы министрі мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген камеральдық бақылау нәтижесін жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері жалпы сомасы 6,5 трлн теңгелік 952 мың мемлекеттік сатып алу процедуралары камеральдық бақылаумен қамтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тексеру қорытындысы бойынша 535 млрд теңгеге бұзушылықтардың алды алынды. 746 аудиторлық іс-шара жүргізілді. Аудитпен бюджет қаражатының 494 млрд теңгесі қамтылды. Нәтижесінде 101 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды», - деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша тауарларды жеткізуді, қызметтерді көрсетуді және жұмыстарды орындауды қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есеп бойынша көрсету жолымен 94 млрд теңгенің кемшілігі жойылған.

«Жүргізілген аудиторлық шаралардың нәтижелері бойынша аудит объектілерінің қызметтерін жетілдіруге 675 ұсыныс берілді. Олардың 548-і орындалды», - деді ол.