«Толықтай алғанда бізде тұтыну тауарлар бағасының өсімі желтоқсан айында 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 5,4 пайызды құрайды. Ал азық-түлік тауарларының бағасы біршама жоғары өсім көрсетті», - деді ол Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Дегенмен, оның дерегіне қарағанда, инфляцияны бұған дейін болжанған 4-6 пайыз дәлізінде ұстап қалуға мүмкіндік болды.
«Жалпы барлық тұтыну тауарларына баға тұрақтылығы монополистермен реттелетін коммуналдық қызметтер тарифтерін төмендету есебінен қамтамасыз етілді. Биыл азық-түлік тауарлары бағасының өсімін біз таргеттеп отырған 4-6 пайыздық дәлізде ұстап тұру үшін барлық күш-жігерді жұмсаймыз», - деді Әлихан Смайылов.