Қаржы министрлігі тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесін таныстырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдің кеден және салық қызметтерінің өкілдері үшін тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесін көрсетті.

Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу кезінде «ЕАЭОкедендік аумағына тауарларды әкелу және олардың айналымының кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 16 қазандағыХаттамаға (Бурабай хаттамасы) сәйкес Қазақстан Республикасы өзіне тауарлардықадағалауды қамтамасыз ету міндеттемесін алды, ол бойынша ЕАЭО БКТбелгіленгеннен өзгеше кедендік әкелу бажының төмендетілген мөлшерлемесіқолданылды және ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына мұндай тауарларды әкетугежол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылданды.

ҚР Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов Комитет осындайжүйені құруда ауқымды жұмыстың жүргізілгенін, оның сәтті жұмыс істеуде екеніжәне практикада Қазақстанның ішінде ДСҰ тауарларды толассыз бақылауды қамтамасызету бойынша өзінің тиімділігі дәлелдегенін хабарлады.

Мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен соңғытұтынушыға дейін тауарларды толассыз бақылауды қамтамасыз ететін Комитеттіңақпараттық жүйесі жұмысының артықшылығын делегаттарға көрсетті. Нақты уақытрежимінде «Виртуалды қойма» модулін пайдаланып жүйенің жұмысы көрсетілді.

Тараптар тауарларды қадағалау жүйесінің сәтті іскеасырылуын және ЕАЭО мүше басқамемлекеттің аумағына төмендетілген мөлшерлеме бойынша әкелінетін тауарларағынына жол бермеу жөніндегі жұмыстың тиімділігін атап өтті.

Сонымен қатар, тараптар тауарларды толассыз бақылаукезінде туындайтын проблемалық мәселелерді және ЕАЭО кеден және салыққызметтерінің ақпараттық жүйесі дамыту перспективасын талқылады.

Кездесуді қортындылай келе Комитет төрағасыныңорынбасары Талғат Мамаев ЕАЭО қатысушы елдердің кеден және салық қызметтеріарасында стратегиялық міндеттерді іске асыруға және өңірдің экономикалықәлеуетін шоғырландыруға бағытталған жағымды және конструктивті диалог болғанынатап өтті.

Шараға қатысушылар орнатылған байланыс үшін алғыстарынжеткізіп, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерін Комитеттің бес жылдығымерекесімен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар