Қаржы министрлігінің айналымдағы бағалы қағаздарының көлемі 2011 жылы 24,6 пайызға ұлғайды

None
АЛМАТЫ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында 20111 жылы үлкен өзгерістер болған жоқ.

Бұл туралы Ұлттық банк  төрағасы Григорий Марченконың бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

2011 жылы  Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағазарының  және Ұлттық банктің айналыстағы қысқа мерзімді ноттарының көлемі дисконталған баға бойынша 2590 миллиард теңгені құрады.  Қаржы министрлігінің 655,8 миллиард теңгенің мемлекеттік бағалы қағаздары орналастырылды. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 0,6 %-ға аз. Былтыр Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша  61 аукцион болды. Онда 12 айлық МЕККАМ, 2-5 жылдық МЕОКАМ, 6-7 және 9-16 жылдық МЕУКАМ, 6-16 және 18-20 жылдық МЕУЖКАМ орналастырылды. Тиімді кірістілік МЕККАМ-да  1,62 %, МЕОКАМ-да  2 жылдықта - 2,01 %,  3 жылдықта - 3,12 %,  4 жылдықта 3,33 %,  5 жылдықта 3,02 %  құрады. МЕУКАМ бойынша 6-7 жылдықтарда 3,61 және 3,85 %, 9-13 жылдықта 5%; 5,30%; 4,90%; 4,97%;  5,15%,  14-15 жылдықта  - 5%, ал  16  жылдықта 5,30 % болды. МЕУЖКАМ-да кірістілік инфляция деңгейінен 0,01 пайызды құрады.