Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 0,5 пайызға ұлғайды

None
АЛМАТЫ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қараша айында Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 5 аукцион болды.

Бұл Ұлттық банк төрағасының бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

Аукционда 5,6 миллиард теңгенің 12 айлық МЕККАМ, 10 миллиард теңгенің 5 жылдық МЕОКАМ, 17 және 2 миллиард теңгенің 14 және 15 жылдық МЕУКАМ-дары мен 14 миллиард теңгенің 11 жылдық МЕУЖКАМ орналастырылды. Тиімді кірістілік МЕККАМ-да 1,66 пайыз, МЕОКАМ-да 3,02 пайыз, МЕУКАМ-да 5 пайыз, МЕУЖКАМ-да инфляция деңгенінен 0,01 пайыз жоғары болды.

Григорий Марченконың айтуынша, Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздары күздің ақырғы айында қазанмен салыстырғанда 0,5 пайызға ұлғайды. Ұлттық банк ноттары эмиссиясының көлемі қарашада 79,9 пайызға ұлғайып, 42,9 миллиард теңгені құрады. Бұл ретте 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 30,1 миллиард теңгенің және 5,3 миллиард доллардың екі аукционы болды. Сондай-ақ 6 айлық ноттарды орналастыру бойынша 7,5 миллиард теңгенің 1 аукционы өтті. Орналастырылған ноттар бойынша тиімді кірістілік 3 айлықта 1,01 пайыз, 6 айлықта 1,46 пайызды құрады. Ал айналыстағы ноттардың көлемі қазанмен салыстырғанда 22,6 пайызға төмендеп, 501,7 миллиард теңге болды.