Қаржы министрлігінің шахматшылары меморгандар арасында өткен турнирде жеңімпаз атанды

None
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай елордада мемлекеттік органдар арасында ұйымдастырыған  жылдам шахматтан турнирде Қаржы министрлігінің командасы бірінші орынды жеңіп алды.

Екінші орынды Қорғаныс минстрлігінің, ал үшінші орынды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің командасы еншіледі. Жеңімпаздарға медальдар мен дипломдар табысталды.

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған шараға барлық министрліктердің, агенттіктер мен ҚР үкіметі Орталық аппаратының, ведомстволарының, сонымен қатар ұлттық компаниялардың 21 командасы қатысты.

Турнирді Астана қаласының Шахмат федерациясы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми қолдауымен өткізді.