Қаржы нарығындағы ахуал тұрақты - Ұлттық банк басшысы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі қаржы нарығындағы ахуал туралы есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Инфляция 2017 жылдың сәуірінде 0,5 % болды, жыл басынан бергі көрсеткіш 2,7 %. Жылдық көрсеткіште 7,5-ке дейін азайып, 6-8 % дәлізде сақталды. ҚР Ұлттық банкінің алтын валюталық резерві 311 млн долларға артты», - деді бас банкир.

Данияр Ақышев сондай-ақ, Ұлттық қордағы қаржы көлемі 63 млрд доллар болғанын айтты. Базалық ставка 11 % деңгейінде сақталды.

«Ұлттық банк соңғы уақытта ешқандай интервенция жүргізген жоқ. Теңге бағамы сұранысқа байланысты қалыптасып жатыр. Қазір теңгедегі депозиттер көлемі доллардағы депозиттен асты. Теңгемен несие алу 0,9 пайызға артты. Біз еркін валюта бағамына көшкеніміздің тиімділігін тағы байқап отырмыз», - деді Д.Ақышев.