АСТАНА. ҚазАқпарат - 2013 жыл мен ағымдағы жылдың 5 айында қаржы полицейлері шамамен 591 заңсыз ойын залдары қызметінің жолын кесті.Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинге агенттік төрағасының орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, 3 мыңнан астам ойын автоматтары, рулеткалық және покерлік столдар тәркіленді.
«Көбінесе осындай нысандардың маңдайшаларына интернет-клубтардың атауын жазып, әрекет етіп жүрген онлайн-казинолар кең көлемде таралып кетті. Өткен жылдан бастап онлайн-казино қызметінің фактілері бойынша 216 қылмыстық істер қозғалды»,- деді М. Ахметжанов.
Талдау көрсеткендей, мұндай заңсыз орындар қызметінің жолын кесу осы нысандар айналасындағы шағын қылмыстылықтың деңгейін азайтуда.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.