Қаржы полициясы агенттігі «Ситуациялық орталық» атты талдау жүйесінің тұсауын кесті

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі «Ситуациялық орталық» атты талдау жүйесі жобасының тұсаукесерін өткізді.

«Ситуациялық орталықтың» қолданыста бар ақпарат көздерінің негізінде саралау жүргізу, қылмыстық байланыстардың құрылымдары мен схемаларын жасау, туысқандық, әлеуметтік белгілер, бір-бірімен сыбайластығы және басқа да көрсетілген параметрлер арқылы өзара байланыстарын табуға мүмкіндік береді», - деді Агенттіктің Ақпараттық-талдау департаментінің бастығы О.Бектенов

Оның айтуынша, Жүйені жасаудың мақсаты қаржы полициясы органдарының тарапынан бизнестің қызметіне негізсіз араласу фактілерін азайту, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтауға жұмсалатын уақтылық, қаржылық және еңбек ресурстарын азайту арқылы сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы тұрудағы қаржы полициясы органдары қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.

Тұсаукесерде Қаржы полициясы агенттігінің басшылығы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Бас прокуратураның, Көлік және коммуникация министрлігінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның өкілдері болды.