Қаржы полициясы академиясында 12 лауазымды тұлға біліктілікті жетілдіру курстарын аяқтады

АСТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Қаржы полициясы академиясында қаржы полициясы органдарының 12 лауазымды тұлғасы біліктілікті жетілдіру курстарын аяқтады. Бұл ақпаратты ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қаржы полициясы академиясында ағымдағы жылғы мамырдың 31-і мен маусымның 9-ы аралығында қаржы полициясы органдары бастықтарының тергеу жөніндегі орынбасарлары, жоғары лауазымдарға кадрлық резервке қойылған 12 қызметкері үшін біліктілікті жетілдіру курстары өткізілді», делінген баспасөз хабарламасында.

Оқу сабақтары құқықтық, психологиялық-педагогикалық кәсіби білімдер негізінде жүргізіліп, академияның профессорлық-оқытушылық құрамы дәрістер оқыған. Сонымен қатар С.Есқараев атындағы институттың, ҚР ІІМ өкілдері дәрістер оқыды.

Курсты аяқтағандарға куәліктер берілді.