Мәселен, осы айда Ақтөбе облысында түнгі уақытта акциздік бекет қызметкерлерінің жоғын пайдаланып, алкоголь өнімін шығарған «АкРоссПищепром» ЖШС арақ-шарап зауытының заңсыз қызметі әшкереленді. Зауыт аумағынан, сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы сауда нүктелерінен аталған зауытта шығарылған жалпы саны 600 мың шөлмек арақ тәркіленді. Одан бөлек, зауыт бөлмелерінде және құю цехы бастығының үйінде 800 мыңнан астам жалған есепке алу бақылау маркасы табылды.
Ал Алматы облысының қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері белгілі қазақстандық шығарушының атын жамылып, қолдан жасалатын коньяк шығарған астыртын цехтың қызметін тоқтатты. Қарасай ауданының Алғабас ауылында орналасқан бұл заңсыз цехтан 8 мың шөлмек контрафактілік коньяк тәркіленді.