10:24, 14 Сәуір 2009
Қаржы полициясы Астана қаласының Тұрғын үй басқармасының бастығын, «Квартирное бюро» АҚ-ның басшысын және жеке кәсіпкерді қамауға алды
АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы) мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында қызмет лауазымдарын асыра пайдаланды және 25,6 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын ұрлады деген күдікпен
сәуірдің 13-і күні Астана қаласы Тұрғын үй басқармасының бастығы Е.Қабылдинді, «Квартиное бюро» АҚ-ның басшысы Е.Түктібаевты және жеке кәсіпкер А.Жаныбаевты қамауға алды. Аталған тұлғалар қазір Астана қаласының уақытша оқшаулау абақтысына жабылды. Бұл туралы ҚазАқпаратқа агенттіктің баспасөз қызметінен хабарлады. Бұл қылмыстық іс бойынша толық ақпарат аталған тұлғаларға ресми айыптар тағылғаннан кейін беріледі.