Бұл жайында Қаржы полициясы кадрлар басқармасының бөлім бастығы Серік Қаныбеков мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, кадрлардың жетіспеушілігі тұрғысында агенттікте мәселе туындап отырған жоқ. Атап айтқанда, агенттікте елеулі кадрлық резерві бар көрінеді. «Бүгінде олардың ішінен қаржы полициясы органдарына қызметкерлер тексеріліп, іріктелініп жатыр»,-деді С. Қаныбеков.
Олардың арасында бұрынғы қызметкерлермен қатар қаржы полициясы қатарына алғаш қадам басатындар да бар. Енді бұл азаматтар кадрлық қызметтердің және ішкі қауіпсіздіктің оңтайлы қорытындысынан кейін қызметке қабылданбақ.
Бұдан бұрын хабарланғандай, аумақтық аттестация комиссиялары жұмысының нәтижесінде қаржы полициясының қатарынан 136 қызметкер босатылды. Жалпы, бүгінде 2364 қызметкер аттестаттаумен қамтылып, оның 439-ы тапсыра алмады.