Қаржы полициясы «БанкЦентрКредит» АҚ-ның қызметінен ешқандай заңсыздықты анықтаған жоқ

None
АСТАНА. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - ҚР Экономикалық және жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы) «БанкЦентрКредит» АҚ-ның қызметінен ешқандай заңсыздықты анықтаған жоқ.

Бұл туралы біздің тілшімізге аталмыш ведомствоның ресми өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады.

«ҚР Экономикалық және жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес агенттігі тарапынан «БанкЦентрКредит» АҚ-ның қызметіне жасалған тексерістер аяқталды. Тексерулер нәтижелері бойынша қылмыс фактісінің негіздемесі жоқтығына байланысты қылмыстық іс қозғамау туралы шешім қабылданды», - деді М.Жұманбай.

«Қаржылық бақылау агенттігі банк қызметінен банк заңдылығын бұзудың фактілерін анықтамады», - деп атап өтті ол.

М.Жұманбай еске сала кеткендей, қаржы полициясына банк қызметкерлерінен банкте орын алып жатқан өрескел заң бұзушылықтар туралы ұжымдық арыз түсті. Аталмыш факті бойынша қолданыстағы қылмыстық-процессуалдық заңдылыққа сәйкес тексеру тағайындалып, жүзеге асырылған болатын.