Агенттiктiң статистикасына сәйкес, Қазақстанда "көлеңкелi" экономиканың көлемi кем дегенде ЖIӨ-нiң 20 пайызына тең. Бұл шамамен жылына 5 трлн. теңге. Соның ең қомақты бөлiгiн жалған кәсiпкерлiк алады.
"Осы орайда, Агенттiк банктерден алуға болатын қолма-қол қаражаттың көлемiн заңдық тұрғыда шектеудi ұсынуда. Бұл жалған кәсiпкерлiктiң дамуына қажеттi барлық жағдайларды түп-тамырымен жояды. Қазiргi уақытта бiздiң елде кез келген тауар мен қызметтi қолма-қол ақшасыз да алуға болатындықтан, ешкiмге кедергi болмайды. Мұндай шектеу, керiсiнше, елде салық түсiмiн арттырып, жемқорлықты азайтады, парақорлық пен бюджеттiк қаржыны жымқырудың негiзiне нұқсан келедi", - деп атап өттi ол.