АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 1-2 сәуір күндері 2012 жылы Қарағанды мен Қызылорда қалаларында балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамыту шараларын жүргізуге бөлінген 17 млн. теңге сомасындағы бюджет қаражатын талан-таражға салу фактісі бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты тұлғаларына қатысты тағы 2 қылмыс қозғалды. Бұл туралы ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласының қаржы полициясы департаменті Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарына және Алматы, Ақтөбе, Атырау, Талдықорған, Шымкент қалаларына балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытуға бөлінген 59 млн. теңгені ұрлау фактісі бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда.
Осылайша, аталған қылмыстар салдарынан ҚР Білім және ғылым министрлігіне келтірілген шығындардың жалпы көлемі шамамен 76 млн. теңгені құрап отыр.
Қылмыстық істі тергеу жалғасуда, нәтижелеріне қоғам назарына ұсынылатын болады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.