Қаржы полициясы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке виза беру негіздемесін тексеріп жатыр

АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қаржы полициясы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке виза беру негіздемесін тексеріп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында журналистерге Экономикалық қылмысқа және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Андрей Лукин айтты.

«Алдын ала тексеру кезінде Канадаға бару үшін ашылған визасы бар төлқұжат анықталды. Тергеу амалдары бойынша бұл әрекет алдын ала тергеу мен соттан жасырыну үшін негіз болуы мүмкін деп пайымдалып отыр», деді ол.

«Атап айтқанда, қазіргі кезде визаны беру негіздемесі тексерілуде», деді А. Лукин.