АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 3 шілдеде Қаржы полициясы агенттігі Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынға қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады. Бұл туралы ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ол ақшалай қаражатты ұрлау және аса ірі көлемде пара алу мақсатында облыстық әкімдік қызметкерлерінен ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарған деп айыпталуда.
Бүгінгі таңда айыпталушы мен оның қорғаушыларын қылмыстық іс материалдарымен таныстыру процедурасы жүзеге асырылуда.
Толық ақпарат қылмыстық іс материалдары сотқа жолданғаннан кейін жария етілетін болады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.