Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде өткен брифинг барысында ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.
«Қаржы полициясының органдарына аталған шетел мемлекетінен қандай да бір арыз немесе жүгіну келіп түскен жоқ. Дегенмен қаржы полициясы өзінің құзіреті аясында мұндай фактілердің барлығын тексереді», - деп атап өтті ресми өкіл БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының басында итальяндық Сorriere della Sera газеті Милан прокуратурасының аталған елдің Eni энергетикалық компаниясы Қазақстандағы Қашаған мұнайгаз кен орнын игеру бойынша келісімшартты жасасу уақытында ірі көлемде пара берді деген күдік келтіріп отырғандығы жайында ақпарат таратқан болатын.