АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Астана қаласы бойынша қаржы полициясы департаменті сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде «Қазпошта» АҚ Қарағанды облыстық филиалының бөлім басшысы Д. Кезекеновке қатысты қылмыстық іс қозғап, өндіріспен аяқтады, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметінен.
Д. Кезекеновке мемлекеттік сатып алу бойынша келісімшарт міндеттерінің орындалған жұмыс актісіне қол қою кезінде Қ. деген азаматтан 386 мың теңге көлемінде пара алды деген айып тағылды.
Ол тергеу кезінде өз кінәсін толығымен мойындады. Қазір қылмыстық іс сотқа жолданды, делінген хабарламада.