деп хабарлайды аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, Қаржы полициясы агенттігі 2012 жылдың 12 маусымында ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің лауазымды тұлғаларының үстінен, 2009-2011 жылдарға арналған «Есірткіге әуестілікпен және есірткі бизнесімен күрес» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Маңғыстау облысындағы «Тәжен» кедендік бекетіне құрылғыларды мемлекеттік сатып алу келісімдері негізінде атқарылған жұмыстарға төлеу барысында қызметтік құзіретін асыра пайдаланғандықтары үшін қылмыстық іс қозғаған болатын.
Тергеу барысында бұл қылмысқа Кедендік бақылау комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары А. Кочубейдің қатысы бар екені анықталған.
Оған лауазымды қызметті атқара отырып, «Тәжен» кедендік бекетіне кедендік бақылау техникалық құрылғыларды жеткізу және орнату бойынша мердігерге заңсыз қызмет ақысын аударды деген айып тағылды. Ал құрал-жабдықтар орнатылмаған. Салдарынан 2009-2011 жылдарға арналған «Есірткіге әуестілікпен және есірткі бизнесімен күрес» мемлекеттік бағдарламасының «Тәжен» кедендік бекетін құрылғымен қамту міндеті жүзеге аспай, мемлекетке 580 млн. теңге көлемінде залал келтірілген.
Биылғы жылдың сәуірінде аталмыш қылмыстық істі тергеу жұмыстары аяқталып, Астана қаласының №2 Сарыарқа сотының қарауына жолданды.