деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі Қазақстан қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл кәсіпкерлерге қатысты жүргізілетін тексерулерді 2 есеге қысқартуға, Президенттің «Шағын және орта бизнесті қорғау туралы» сайтында қаржы полициясының қызметіне негізделген шағымдарды мүлдем болдырмауға мүмкіндік берді», - делінген баспасөз хабарламасында.
Қазір қылмыс пен құқық бұзушылықты ерте бастан ескерту бағытына баса назар аударылуда. Ол үшін агенттікте ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы елдегі қылмыстық жағдайға мониторинг жүргізетін ситуациялық орталық құрылған.
«Мұндай жаңашылдық оперативті қызметтерге, шағын және орта бизнестің жұмысына араласпастан, қылмысты «жұмыс орнында» отырып-ақ талдау жолымен анықтауға мүмкіндік береді», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.