Ағымдағы жылғы 7 шілдеде Қаржы полициясы агенттігі мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкерлері «Акмоласвязьстрой» АҚ-на тиесілі 239,5 млн. теңгені ұрлады деген айыппен 2010 жылғы наурызда халықаралық іздеуге жарияланған Д. Кеделбаевты Қытай Халық Республикасынан экстрадициялады.
Кеделбаев ағымдағы жылғы маусымда Бейжің қаласында ҚХР құқыққорғау органдарымен ұсталған болатын.
Ол «Акмоласвязьстрой» АҚ-на тиесілі 2 ғимаратты және автожуу орнын өз атына заңсыз рәсімдеп, кәсіпорынға 239,5 млн. теңге залал келтірді деп айыпталуда.
Бүгінгі күні ол Астана қаласының ІІД тергеу абақтысына тоғытылды.