Бұл туралы бүгін Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков журналистермен болған апталық брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, Бас прокуратура Әбілезовтың арызын алған және ол ақпанның 8-і мен 15-і аралығында тіркелген. «Әбілезовтың алғашқы шағымын біз Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне жолдаған болатынбыз. Бұл жолы да солай істедік. Қазіргі таңда қаржы полициясының өкілдері бұл шағым бойынша тексеру жұмыстарын осыған дейінгі тексерулер негізінде жалғастыруда. Әзірге тек тексеру жүріп жатқандығын ғана растай аламын және тексеру шаралары қылмыстық занамалар негізінде жүргізілуде», деді рсеми өкіл.