«Соңғы жылдары Астана қаласында жалған кәсіпкерлік құру фактілері көптен таралған. Бұл қылмыс түрін жасаған қылмыскерлер үшін жазалау мерзімі 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу көзделген» - деді ол.
Басқарма басшысының атап өтуінше, жалған кәсіпкерлік мемлекетке айтарлықтай зиян келтіре отырып, жалған кәсіпорындарды құру және коммерциялық мекемелер мен контрагенттерді салық төлеуден жалтару арқылы жасалады.
«Ағымдағы жылдың 9 ай ішінде осы фактілер бойынша Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлерімен 31 қылмыстық іс қозғалды, мемлекетке келтірілген зиянның мөлшері 21 миллиард теңгеден асып түседі», - деді Б.Байханов.
Мәселен, оның сөзіне қарағанда, ақша мәселесін шешіп алу мақсатында «А-СТЭН» ЖШС атты жалған кәсіпкерлігін құрған Бабкеновқа қатысты қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды. Төленбеген салық түріндегі зиянның көлемі 74,3 миллион теңгені құрайды.