Бұл жөнінде бүгін журналистермен болған апталық брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Естеріңізге сала кетейік, қазанның 18-і күні Р.Наймановқа «Лесная поляна» тұрғын үй кешені үлескерлерінің 3,462 миллиард теңге көлеміндегі қаржысын жымқырды деген айып тағылып, оны тұтқындау жөнінде соттың шешімі шыққан. «Ал қараша айының 9-ы күні Астана қаласының құрылыс салушылары қауымдастығының өкілдері Р.Наймановтың жазасын өзгертіп, оны үйқамаққа алу жөнінде өтініш түскен. Қауымдастық өкілдері өтініштерінде айыпталушының ешқайда кетпейтіндігіне өздері кепіл болатындығын мәлімдеген. Осыған байланысты біз аталмыш азамат жауапты құрылыс нысандарының жұмысын уақытында аяқтап, үлескерлердің пәтерлерін тезірек пайдалануға берілуін қамтамасыз ету мақсатында бұл ұсынысты қараған жөн деп таптық», деді ресми өкіл.