деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Агенттік (ред. - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі) 4,5 миллиард теңге ақшалай қаражат ұрлады, сонымен бірге қызмет бабын пайдалана отырып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оны басқарды деген айыппен 2005 жылғы қазанда халықаралық іздеу жарияланған «Наурызбанк Қазақстан» АҚ-ның бұрынғы Басқарма төрағасы Ержановтың Мәскеу қаласында ұсталғандығы туралы ақпаратты растайды», - деп мәлімдеді бүгін өткен брифингте Қаржы полицияның ресми өкілі Мұрат Жұманбай.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ержановтың сыбайластары - «Наурызбанк Қазақстан» АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Дүйсебалиев, осы банктің Корпоративтік қатынастар департаментінің бұрынғы директоры Өмірәлиев әрқайсысының мүлкі тәркіленумен қатар, 6 жылға сотталған болатын. Сонымен бірге осы қылмыстық іс бойынша мүліктері тәркіленумен бірге, Ержановтың жақын екі туысы - ағайынды Нарбаевтар 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
«Қазіргі кезде Агенттік ҚР Бас прокуратурасы арқылы сотқа тапсыру мақсатында Ержановты беру бойынша құқықтық көмек көрсету туралы талапты Ресей Федерациясына жолдады», деді ол.