Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.
«Бірқатар БАҚ-тардағы қыркүйектің 25-інде Қаржы полициясы органдарында жауап беру кезінде Досқалиев инсультқа ұшырады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Министрден жауап қыркүйектің 22-сінде, оның қорғаушысының қатысуымен алынды. Ал осыдан кейін ешқандай тергеу амалдары жүзеге асырылған жоқ», деді ресми өкіл өз сөзінде.
Оның айтуынша, қыркүйектің 25-інде Досқалиев күдікті ретінде ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 142-ші бабының негізінде ұсталып, медициналық тексеруден кейін Астана қалалық ішкі істер департаментінің уақытша ұстау орнына қамалған.
Ресми өкілдінің атап өтуіне қарағанда, ол денсаулығына қатысты ешқандай шағым айтпаған. «Алайда қыркүйектің 26-сында Астана қалалық ІІД уақытша ұстау орнының фельдшерімен жүзеге асырылған таңертегі медициналық тексеру кезінде оның қан қысымының жоғары екендігі анықталып, медициналық жедел жәрдем шақырылды», деді М.Жұманбай.