Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде өткен брифинг барысында ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.
«Қазіргі таңда Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауға даярлауда. Ол ағымдағы жылдың мамыр-желтоқсан аралығында өткізіледі. Шараны өткізу барысында заңдылықты және шынайылықты қамтамасыз етуге баса назар аударылатын болады», - дейді М. Жұманбай.