АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іске асырылып жатқан жұмысты жариялау мақсатында қаржы полициясы «Мизам» газетін шығара бастады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Газетте қаржы полициясы органдары қызметінің нәтижелері туралы өзекті ақпарат, ведомствоның, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардың, саяси партиялар мен бизнес-қауымдастықтары өкілдерінің эксклюзивті сұхбаттары мен түсініктемелері жарияланады.
Газеттің редакторы - журналист және заңгер Әзімхан Қасым Әзімханұлы.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.