ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жайында ведомство басшысы Рашид Түсіпбеков мәлім етті.
«Ахуалдық орталық талдаушыларының жұмысы рейдтік тексерістер мен адал кәсіпкерлердің жұмысына қол сұғу фактілерінің жолын кеседі», - деді ол.
Оның атап өтуінше, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шарасы ретінде мемлекеттік органдарға және тәртіптік кеңестерге 470 ұсыныс жіберілді. Ұсыныстарды қарау нәтижесінде жағымсыз сыбайлас жемқорлық әрекеттер жасағаны үшін 349 лауазымды тұлға тәртіптік жаупкершілікке тартылып, оның ішінен 147-сі жұмыстан шығарылды.
Сонымен қатар, Р.Түсіпбеков сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуда креативті көзқарас, жаңа нысандар мен тәсілдерді іздеу қажеттігін атап өтті. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Нұр Отан» партиясымен белсендірек жұмыс істеу керек. Өйткені біздің азаматтарымыз көбінесе өз құқықтарын қорғау үшін партияға жүгінеді әрі сыбайлас жемқорлық туралы барлық ақпараттар да сонда түседі», - деді ведомство басшысы.