Аталған акция 2006-2010 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасының соңғы кезеңі аясында жүзеге асырылмақ.
Акцияның мақсаты - жастарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезім, жас буын өкілдерінде жемқорлық көріністерге қатысты жағымсыз көзқарас қалыптастыру.
«Жастар жемқорлыққа қарсы» акциясы 2010 жылғы наурыздың 15-інде басталып, желтоқсанның 15-іне дейін жалғасады. Осы уақыттың ішінде республиканың барлық білім беру мекемелерінде қаржы полициясы қызметкерлері білім беру орындарының қызметкерлерімен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинарлар мен тәрбие сағаттарын өткізеді. Жоспар бойынша республикада жұмыс істейтін 7801 мектеп, 214 колледж және 145 жоғары оқу орнын қамту көзделген.