Қаржы полициясында жаңа тағайындаулар орын алды

АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының бұйрығымен Қарағанды облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы болып Артықбаев Қанат Жаңбырбайұлы тағайындалды.

Тағайындауға дейін Қ.Ж. Артықбаев Алматы қаласы бойынша ЭСЖКД бастығының бірінші орынбасары лауазымын атқарған.

Прокуратура, Мемлекеттік Тергеу комитеті органдарында, ішкі істер және салық полициясы органдарының тергеу бөлімшелерінде жұмыс істеген.

2012 жылғы наурыздан Алматы қаласы бойынша ЭСЖКД бастығының орынбасары, 2012 жылғы желтоқсаннан Алматы қаласы бойынша ЭСЖКД бастығының бірінші орынбасары болып жұмыс істеген. Қаржы полициясының полковнигі арнайы атағы бар.

Алматы қаласы бойынша ЭСЖКД бастығының бірінші орынбасары болып бұрын Павлодар облысы бойынша ЭСЖКД бастығының бірінші орынбасары лауазымын атқарған Таңатаров Талғат тағайындалды.

Прокуратура органдарында басшылық лауазымарда жұмыс істеген.

2010 жылғы сәуірден Павлодар облысы бойынша ЭСЖКД бастығының орынбасары, 2012 жылғы желтоқсаннан Павлодар облысы бойынша ЭСЖКД бастығының бірінші орынбасары болып жұмыс істеген. Қаржы полициясының полковнигі.