Қаржыгерлер «Халықтық ІРО бағдарламасына» белсенді түрде қатысады - Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы

АЛМАТЫ. 7 қараша. ҚазАқпарат - Көгілдір фишкаларды ең кемінде 10 жылға сатып алу керек. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Серік Аханов бүгін Алматыда «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығының қаржы нарығына қатысушылармен және жеке инвесторлармен болған кездесуінде осындай пікір білдірді.

«ІРО  - баршаға ортақ еңбек қоғамын құрудың іргетасы.  Саяси  және қаржылық тұрғыдан алып қарағанда да бұл өте маңызды аспектілер. Қазақстандағы 52 мың қаржыгердің 47-і мыңы Алматыда жұмыс жасайды. Біз, қаржыгерлер «Халықтық ІРО бағдарламасына» белсенді түрде қатысамыз», - дейді Серік Аханов. Оның айтуынша, акцияларды жеке тұлғалардан кейін зейнетақы жинақтау қорлары сатып алады. Оған өкінішке орай көп жағдайда аса қатты мән берілмей жүр. Қазақстанда 8,5 мыңнан астам зейнетақы жинақтау есеп шоттары бар. Ал «Халықтық ІРО бағдарламасына» қатысатын 11 зейнетақы жинақтау қоры онда ел тұрғындарының жартысының мүддесін қорғайды. Сондықтан бұл шын мәнінде де халықтық ІРО.