АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2008 жылдың қаржы дағдарысы әлемде адамдардың өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерін арттырды, әсіресе ер азаматтардың арасында бұл үрдіс жоғарылады. Бұл жайында британдық медициналық журналда хабарланған, деп жазады ВВС.
Ұлыбритания мен Гонконг зерттеушілерінің мәліметінше, қалыпты деңгейге қарағанда 2009 жылы өз-өзіне қол жұмсау 5 мыңға артық болған. Белгілі болғандай, Еуропадағы жастардың көпшілігі және АҚШ-тың орта жастағы ер азаматтары кенеттен жұмыссыз болуына байланысты өз өмірін үзу арқылы проблемадан құтыламыз дегенді ұстанған көрінеді.
Сонымен қатар өз-өзіне қол жұмсауға талпынғандардың да саны елеулі өскен көрінеді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.