Қаржылық мониторинг агенттігі «Қазақфильмде» тінту жүргізіп жатыр деген ақпарат - фейк

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігі «Қазақфильм» акционерлік қоғамында тінту жүргізу туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, агенттіктің орталық аппараты және аумақтық департаменттері «Қазақфильмге» қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқан жоқ.

Сонымен бірге, Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат тарату үшін бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Осыған байланысты агенттік ақиқат емес ақпаратты таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенім білдіруге шақырады.