Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 3 орынбасары тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасар тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Ермек Әшімханұлы Оспанов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымына;

Жеңіс Фарахатұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына;

Ұлан Ермұханұлы Раисов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Қазақстанда қаржылық мониторинг агенттігі құрылғанын хабарлаған болатынбыз. Қазақстанда жаңадан құрылған Қаржылық мониторинг агенттігіне Жанат Қалдыбекұлы Элиманов төраға болып тағайындалды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің жаңа төрағасына тапсырма берді.