«Қазақстан Халық банкі» АҚ және «Банкцентркредит» АҚ банк қызметі туралы жарнамада лицензия берген органның атын жазбаған.
Екінші деңгейлі банктерге ұсыныс түріндегі ескерту жасалды.
«Альфа-Банк» АҚ ЕҰ жылдық пайыз мөлшерлемесін анық көрсетпегені үшін әкімшілік жазаға тартылды.
«Сбербанк» АҚ ЕҰ жарияланған күні шындыққа жанаспаған жарнама шығарған. Бұл банк те әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Агенттік қаржылық институттар берген ақпаратты негізге ала отырып мониторинг жүргізген.
Одан бөлек сайттар, әлеуметтік желілер, банктердің мобильді қосымшасы, теле, радиоканалдағы жарнамалар, маңдайшадағы жарнамалар тексерілді.