Жеке тұлғаларды банкрот деп танудың үшінші рәсімі – төлем қабылетін қалпына келтіру. Ол үшін азаматтың тұрақты табысы болу керек. Мұндай жағдайда қарызды төлеу үшін 5 жылға дейін сот тәртібімен бөліп төлеу жоспары қарастырылады. Бұл да қазір заңды тұлғаларға қолданылып жүр. Енді жеке тұлғаларға қолдансақ дейміз, яғни банкроттыққа жеткізбей, сауықтыру шарасын жүргізуге болады
, - деді вице-министр.
Айтуынша, мұндай «сауықтыру» жоспары қаржы менеджерлерімен бірлесіп жасалады да, оны сот бекітеді.
Бұл рәсімнің артықшылығы – кейін адам банкрот деп танылмайды, яғни кейін оның жеке бас деректерінде жағымсыз статус болмайды. Оның тиімділігі осында
, - деді Ержан Біржанов.
Бұған дейін хабарланғанындай, заңды тұлғаларды банкрот деп тану механизмі проблемалық қарызы 4,9 млн теңгеден асқан жеке тұлғаларға да қолданылады.