Қаржыны игеру қатаң бақылауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген қаржы дер кезінде және тиісті деңгейде игерілуі тиіс. Әсіресе, өңірлердегі әкімдер бұл істе айрықша жауапты болуы керек. Бұған Үкімет айрықша назар аударып отыр, деп хабарлайды «Егемен Қазақстан» газеті.