Қасақана сәбиді өлтірген әйел жазасын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Техас штатында өзінің құрбысының баласын қасақана өлтіргені үшін өлім жазасы кесілген Лайза Коулмэн есімді әйелдің үкімі орындалды, деп жазды Би-би-си.

Қайтыс болған баланың денесінен оны байлап, ұрып-соққанын білдіретін жүзден аса жарақат іздері табылған.

Айта кетейік, бұл Техаста жыл басынан бері жүзеге асырылған 8-ші өлім жазасы.