Алайда арнайы келісілген Меморандумда белгіленген талаптар көпшілік жағдайда орындалмауда. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан I Халықаралық мал шаруашылығы форумында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы Евгений Аман айтты.
Оның сөзіне қарағанда, министрліктегі арнайы топ еліміздің 3 облысындағы жағдайға талдау жүргізген. «Біз ертең осы мәселе бойынша арнайы мәжіліс өткіземіз. Бәлкім ол жабық түрде болар. Бұл жағдайды жан-жақты әрі нақты білу үшін қажет. Айта кетейік, біз қасапханалар салу үшін қолдан келгеннің барлығын жасап бағудамыз. Алайда оның жүру қарқыны меморандумда көрсетілген талаптарға сай емес. Бір жағынан бұл оңай шаруа емес. Бұл үлкен шығынды қажет ететін шара. Көпшіліктің оны қолға алуға оқтала бермейтіні де содан. Алайда заңның аты заң, оны орындау қажет», деді Жауапты хатшы.