KASE 2 қыркүйекте доллармен валюталық сауда-саттық жасамайды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2 қыркүйек күні доллармен валюталық сауда-саттық жасамайтын болды.
Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, дүйсенбі күні АҚШ-тың қаржы нарықтары еңбек күнін мерекелеуге байланысты жабылады, өтінімдер қабылданбайды.
Бұдан басқа, KASE-де шетелдік эмитенттердің АҚШ долларымен есеп айырысулары бар бағалы қағаздарымен сауда-саттық жүргізілмейді:
USDKZT_TOD, EURUSD_TOD, USDCNY_TOD;
USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, USDKZT_0_01W, USDKZT_0_01M, USDKZT_0_03M,
USDKZT_0_06M, USDKZT_0_01Y;
Айта кетейік, Еңбек күні - америкалық жұмысшылар қозғалысының қосқан үлесі мен жетістіктерін атап өтуге арналған федералды мереке.
АҚШ-та бұл күн дәстүрлі түрде қыркүйектің бірінші дүйсенбісінде атап өтіледі.
Бұл демалыс күні көптеген компания мен барлық дерлік мемлекеттік мекемелер жұмыс істемейді.
Сондай-ақ KASE-де 16-18 қыркүйекте юань бойынша сауда-саттық жүргізілмейтінін еске саламыз.
Бұл күндер Қытайда да мереке.
Бұған дейін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов биылғы теңге бағамына қатысты пікір білдірген еді.