KASE 2009 жылы биржада ерекше көзге түскендерді марапаттады

None
АЛМАТЫ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда "Қазақстан қор биржасы" (KASE) АҚ 2009 жылы биржада ерекше көзге түскен өз мүшелерін марапаттады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онда - "Биржалық валюта нарығының үздігі" аталымы бойынша "Қазкоммерцбанк"АҚ "алтын", "RBS (Kazakhstan)" Еншілес банкі" АҚ-ы "күміс" дипломға ие болды. Мұндай мәртебе "Мемлекеттік бағалы қағаздар биржалық нарығының үздігі" аталымы бойынша "ЦентрКредит Банк" пен "Еуразиялық Капитал" АҚ-на берілді. "ЦентрКредит Банк" "Операциялық репо нарығының үздігі" аталымында да "алтын" диплом иесі атанды. Ал "күміс" дипломды "Еуразиялық банк" АҚ иеленді. Ал "Акциялардың биржалық нарығындағы үздік", "Корпоративтік облигациялардың биржалық нарығы" және "Жетекші қаржы кеңесшісі" аталымдары бойынша көшбасшылар марапатталған жоқ. Жеңімпаздарды "Қазақстан қор биржасы" Басқармасы наурыздың 9-ындағы шешімі бойынша анықтаған болатын. Жалпы бұл шара 2002 жылдан бері жүргізіліп келе жатыр.