деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
«Қазақстан қор биржасының (КАSE) шешімімен 2010 жылдың 8 қарашасынан бастап KASE-де «Нұрбанк» АҚ-ы мен «Қазақстан инновациялық коммерциялық банкі» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін (АМП) сату жөнінде сауда жұмысын бастайды».
«Нұрбанк» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті 25652 жеңілдетілген акциядан бөлінбейтін лот түрінде саудаға шығарылады. АМП-ты сату жөніндегі сауда 2010 жылғы 8 қарашадан 30 желтоқсанға дейін үздіксіз қарсы аукцион әдісімен жүргізіледі. Кепілдік жарна 40 070 441 теңге көлемінде белгіленді.
«Қазақстан инновациялық коммерциялық банк» АҚ-ның АМП-ты 7 мың қарапайым акциядан бөлінбейтін лот түрінде саудаға шығарылады. АМП-ты сату жөніндегі сауда 2010 жылғы 8 қарашадан 30 желтоқсанға дейін үздіксіз қарсы аукцион әдісімен жүргізіледі. Кепілдік жарна 7 млн. теңге көлемінде бекітілді.
Сауда бастамашысы - Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті.
АМП-ты сату жөніндегі өкілетті брокер - «Компания «CAIFC» АҚ.